Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда 53 әкімдік ғимараты бүлдірілген

Үкімет қиратылған барлық ғимаратты 20 ақпанға дейін қалпына келтірмек


12/01/2022
12:01 37606 0

Фото: news.bigmir.net

 

Қаңтардағы оқиғада Қазақстанның сегіз аймағында 53 әкімдік ғимараты, орта және шағын кәсіптің 151 нысаны бүлінген. Мұны индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында хабарлады

 

Ғимараттар қиратылған аймақтар: Алматы, Шымкент, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы. 

 

Министр олардың барлығы биылғы 20 ақпанға дейін жөнделетінін айтты. 

 

2 қаңтарда Қазақстанда Жаңаөзенде басталған газ наразылығының арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты: Алматы мен өзге елді мекендерде әкімдік, бизнес нысандары мен оқу орындары қиратылды, мародёрлар сауда орталықтары мен дүкендерді тонады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жалпы шығын 95 миллард теңге болды дейді.

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2022 12:01
37606 0

Уведомление